Украиналық маман Роман Григорчук бүгін солигорскілік "Шахтер" командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Енді оның орнын басатын маман да белгілі болды.
Inside|Arseniy Isaenyа телеграмм-каналының ақпараты бойынша, "Шахтер" Григорчуктың орнынан болгариялық маман Станимир Стойловты шақыртуы мүмкін. Бұл маман 2014 және 2018 жылдары "Астана" командасының жаттықтырушысы болған еді.
Еске салайық, Стойлов сондай-ақ 2018-2019 жылдар аралығында Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы қызметін атқарды. Бірақ содан соң ешқайда жұмыс істемеді.
Ал Роман Григорчук болса 2019-2020 жылдары аралығында "Астана" командасын жаттықтырып, былтыр қыркүйекте "Шахтер" тізгінін ұстады. Украиналық маман "Шахтермен" Беларусь біріншілігінің чемпионы атанды.