Олимпиада
24 ақпан 2017 12:01
 
Шаңғышыларымыз Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші күміс жүлдесін салды

  Пікірлер

blog.share

Шаңғышыларымыз Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші күміс жүлдесін салды

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шаңғыдан Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ерлер арасында 4х7,5 жүйесі бойынша өткен жарыста Қазақстан құрамасы екінші болып мәре сызығын кесті. Біздің құрамада бұл жарысқа Сергей Черепанов, Ердос Ахмадиев, Николай Чеботько және Ринат Мухин қатысты. 

Аталған сайыста алтын жүлдені Жапония құрамасы еншіледі. "Күн шығыс" елінің спортшылары 1:27:30.3 уақыт көрсеткішіне ие болды. Ал үздік үштікті Оңтүстік Корея шаңғышылары түйіндеді. 

Айта кетейік, бұл Қазақстанның VIII қысқы Азия ойындарындағы 17 жүлдесі. Қазір біздің құрамының қоржынында 5 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлде бар. 

Жарнама

Живи спортом!