Азиада
28 шілде 2021 13:23

Ресейлік боксшы Бекзат Нұрдәулетовті қалай жеңгені туралы айтып берді

Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Ресейлік боксшы Имам Хатаев Vesti.kz порталының тілшісіне Олимпиада ойындарында қазақстандық Бекзат Нұрдәулетовпен өткізген кездесуі туралы ойымен бөлісті. 

Бүгін,  шілде күні Хатаев пен Нұрдәулетов Олимпиада ойындарының 1\8 финалында кездесіп, ресейлік боксшы жеңіске жетті.

- Барлығы ойдағыдай өтті. Бірақ қателіктер де болды. Оны жекпе-жектен бапкерлермен қарадық. Кейбір соққыларым өтпеді. Енді осы қателіктермен жұмыс істеймін. 

- Сіз бұған дейін Санкт-Петербургте Нұрдәулетовтен жеңілген едіңіз ... 

- Ол кезде жеңілдім деп айта алмаймын. Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Екеуміз де қатты шаршадық. Ал төрешілер оның қолын көтере салды. Мен оған дейін Бекзатпен кездесіп, жеңгенмін. Оның алдында тағы екі рет жолықтық. Біреуінде ол рингке шықпай қойды. Жалпы екеуміз төртінші рет кездестік. 

- Бірінші раундты жақсы өткіздіңіз. Бірақ екінші және үшінші раундта сылбыр қимылдадыңыз. Неге? 

- Білмеймін. Қарсылас шаршасын деп оған да мүмкіндік беремін. Бірақ бүгін қарсыласым шаршамады. Дегенмен де екінші және үшінші раундты да жақсы өткіздім деп ойлаймын. 

- Сіз осы турнирдің бірінші нөмірлі боксшысын жеңдісіз. Бұл сіз үшін қаншалықты маңызды?

- Кімді жеңгенім қатты маңызды емес. Бастысы жеңіс. 

Еске салайық, бұған дейін Олимпиада ойындарында Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Надежда Рябец және Серік Теміржанов жарыс жолынан шыққан еді. Ал Сәкен Бибосынов пен Закир Сафиуллин келесі кезеңге өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport