Олимпиададағы қазақ пен өзбек дзюдошының белдесуіне трансляция

Бүгін, 29 шілдеде Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадада қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев өнер көрсетеді.
Бүгін, 29 шілдеде Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадада қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев өнер көрсетеді.
73 келідегі 1/16 финалда ол өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен белдеседі. Басталуы Астана уақытымен 13:00. Бұл белдесуді "Хабар" арнасы тікелей көрсетеді, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Шамшаев пен Юлдошев та Олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр.
Қазақстандықтың осыған дейнігі ең үлкен жетістігі - былтыр Ташкентте өткен "Үлкен дуылға" турнирінің күміс жүлдесі.
Ал өзбек балуаны 2023 жылғы әлем чемпионатында қола алған, ал одан бір жыл бұрын Азия ойындарында күміс иеленген.
Жарнама