Олимпиадада бокстан қазақтар бірде-бір алтын алмайтыны айтылды. Өзбектер дүркірейді екен
Атақты Sports Illustrated журналы Париж Олимпиадасындағы боксқа қатысты болжамын жасады.
Атақты Sports Illustrated журналы Париж Олимпиадасындағы боксқа қатысты болжамын жасады.
Бұл болжам бойынша Қазақстан құрамасы тек екі қола ғана алатын болып отыр. Ерлер арасында 71 келіде Асыланбек Шымбергенов және бұрымдылардан 57 келідегі Карина Ибрагимова.
Ал енді Өзбекстан құрамасы керемет жетістік көрсетеді екен. Мәселен Хасанбой Дусматов (51 келі), Абдумалик Халоков (57 келі), Баходир Джалолов (92 келіден аса) алтын алады да, Асадхуджа Мудинхижаев (71 келі) күміс, ал Лазизбек Мулолджонов (92 келі) қола жүлде иеленеді екен.
Айта кетейік, ерлер арасында Олимпиадада Қазақстан атынан жеті боксшы өнер көрсетеді: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұт Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қонқабаев (92 келіден аса).
Жарнама