Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы спортшының жетістігін жоғары бағалап, жаңа Toyota Camry көлігін сыйға тартты. Ал бапкер Ғалымжан Жылгелдиевке бір миллион теңгенің сертификаты табысталды.