Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында үздік бестікке енді
Қазақстандық таеквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық таеквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қола медаль үшін өткен кездесуде Домбаев аргентиналық Хуан Самораноға қарсы шыққан болатын
Кездесу барысында Нұрлан есепте алда тұрды, алайда, соңғы секундтарда аргентиналық споршы соққы жасап, ұпай санын арттырды.
Қорытынды есеп – 13:12.
Айта кетелік, қазақстандық паралимпиадашылар қоржынында бес жүлде бар.
Алтын медальді пауэрлифтер Давид Дегтярев иеленсе, дзюошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс еншіледі. Ал жүзуден Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.
Жарнама