2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық Василий Левит Токиодағы Олимпиаданың бірінші жекпе-жегінде жеңіліп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
91 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Левит испаниялық Эммануэль Рейестен жеңілді. Екінші раундта қазақстандық боксшы нокаутқа түсті.
Рейстің келесі қарсыласы кубалық Хулио Сезар Ла Крус - 81 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының алтын жүлдегері және үш дүркін әлем чемпионы болған.
Мұның алдында Қазақстан құрамасынан 69 келіде Абылайхан Жүсіпов те 1/8 кезеңінде жеңілді. Осылайша, Қазақстан осы салмақта 2004 жылдан бері бірінші рет алтынсыз қалып отыр.