Олимпиада
13 тамыз 2021 10:34
 
"Кері әсерін тигізбей қоймайды...". Ермахан Ибраимов боксшыларға не жетпегенін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Кері әсерін тигізбей қоймайды...". Ермахан Ибраимов боксшыларға не жетпегенін айтты Сурет: Vesti.kz©

Күншығыс елі қабылдаған XXXII Жазғы ойындар қазақ спорты тарихындағы "алтынсыз" Олимпиадасы болып есте қалады. Осыған байланысты еліміздегі жанкүйерлер мен спорт мамандары қазірден бастап жүйені өзгерту керектігін айтып дабыл қағуда. Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Vesti.kz тілшісіне Токиода былғары қолғап шеберлерінің қандай қателіктер жібергенін айтып берді.

- Ермахан аға, "алтынсыз" Олимпиадаға қандай баға бересіз?

- Қазақ спортының тарихында тұңғыш рет "алтынсыз" қайтып отырмыз. Өкінішке қарай, бокс құрамамыз осындай сәттерден өту тиіс болды деп ойлаймын. Ұлттық Олимпиада Комитеті, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі сонымен қатар, әртүрлі спорт федерациялары, барлығы жиналып, қорытынды жасау керек. Неге алтынсыз қайттық? Осының жауабын іздеу керек. Токиодан сабақ алып, болашақта мұндай қателіктер қайталанбауы тиіс.

- Олимпиада чемпионы ретінде, біздің боксшыларға не жетпеді деп ойлайсыз?

- Тактикалық тұрғыда алдыңғы қолдың аздығы байқалды. Орысша айтқанда шабуылды "передней рукой начинать и передней рукой заканчивать" деген бар. Біздің жігіттерге осы жетпеді. Олимпиада ойындары басқа жарыстармен салыстырғанда ерекше болып келеді. Спортшының Жазғы ойындарда қалай өнер көрсетуі оның физикалық дайындығынан бөлек, психологиялық дайындығына байланысты. Пандеминяың салдарынан Олимпиада бір жылға шегерілді. Ол да әсер етті. Мысалы бұрынғы жүйе бойынша боксшы бір жылда 20-25 жекпе-жек өткізуі тиіс. Ал бұл жолы жігіттеріміз тек 5-6 кездесумен шектелді. Сондықтан осындай факторлар спортшыларымызға кері әсерін тіигізбей қоймады.  

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Токио төрінде 8 қола медаль еншіледі. Оның ішінде боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев үшінші орын иеленген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!