Қазақстандық садақшы Олимпиадада жекелей сында жарысты аяқтады

©gov.kz

Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Дәулеткелді Жаңбырбай Париж Олимпиадасындағы жекелей сынға қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дәулеткелді 1/32 финалда колумбиялық Хорхе Энрикемен кездескен болатын. Аталған кездесу 7:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. 

Айта кетелік, бұған дейін Дәулеткелді Жаңбырбай Қазақстан сапында командалық жарысқа қатысып, Италиядан  4:5 есебімен ұтылды.

Жекелей сында тағы бір қазақстандық спортшы - Ильфат Абдуллин канадалық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар