Қазақстандық желаяқтың Олимпиада алтыны үшін сайысына трансляция

©Владимир Семенов

7 тамызға қараған түні қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдесі үшін таласқа түседі. 

Джеруто 3000 метр қашықтықтың финалдың жүгірісіне қатысады. Жарыстың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 00:14-те басталады, оны Qazsport арнасынан тамашалауға болады. Бұл сайысқа жалпы он бес желаяқ қатысады. 

Бірінші раундта Нора 9:16.46 уақытымен бесінші келген болатын. Ал әрбір бөлек жүгірісте ең жылдам болған бес спортшы финалға іріктеліп отырған еді. 

Еске салайық, Джеруто Қазақстанға 2017 жылы келді, алайда еліміз атынан халықаралық жарыстарға қатысу құқын 2022 жылы ғана алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар