Қазақстандық Елена Рыбакинаның Олимпиада ойындарындағы келесі қарсыласы анықталды
Әлемнің үшінші ракеткасы беларусьтік Арина Соболенко Олимпиада ойындарының үшінші кезеңіне шыға алмады, деп жазады Vesti.kz порталы.
Әлемнің үшінші ракеткасы беларусьтік Арина Соболенко Олимпиада ойындарының үшінші кезеңіне шыға алмады, деп жазады Vesti.kz порталы.
Соболенко екінші айналымда хорват қызы Донна Векичпен кездесіп, 4:6, 6:3, 6:7 (3:7) есебімен жеңіліп қалды. Ойын 2 сағат 35 минут болды.
Енді 1/8 финалда Векич Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакинамен кездесу өткізеді.
Айта кетейік, отандасымыз екінші айналымда швециялық Ребекка Петерсонмен жолығып, 6:2, 6:3 есебімен ұтты.
Еске салайық, Елена Рыбакина - қазақстандық қыздар арасында Олимпиада ойындарында ойнап жатқан соңғы теннисшіміз. Бұған дейін Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Зарина Дияс жарыс жолынан шығып қалды. Бұл үш теннисшіміз де жарақатына байланысты кездесуін жалғастырудан бас тартты.
Жарнама