Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Олимпиаданың бірінші айналымында жеңіліп қалды
Сурет: Жеңіс Ысқабай
Токио Олимпиадасында дзюдошылар бәсекесі басталды. Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Токио Олимпиадасында дзюдошылар бәсекесі басталды. Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол бірінші кезеңде қытайлық Ли Янаньмен кездескен болатын.
Екеуара кездесу қытайлық балуанның еншісіне шешіліп, Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасын аяқтады.
Еске сала кетейік, 2016 жылғы Рио Олимпаидасында Галбадрах қола жүлдегер атанған болатын.
Жарнама