Азиада
12 тамыз 10:47
 

Қазақстандық балуан Париждегі жеңілісіне қатысты ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық балуан Париждегі жеңілісіне қатысты ойын айтты ©olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңілген соң, журналистерге сұхбат берді, деп жазады Olympic.kz. 

blog.share

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңілген соң, журналистерге сұхбат берді, деп жазады Olympic.kz. 

Айта кетелік, Әлішер кешегі жарыс күнінде Олимпиаданың финалисті Ахмед Тажудиновтен, бүгін ирандық Азарпира Амиралиден жеңілді. 

«Өмірімдегі екінші Олимпиада болған соң, жүлдені қатты алғым келді. Білмеймін, дайындығым жетпей қалған сияқты. 

Кеше Тажудиновпен белдесу жақсы басталған. Ағайларымның тактикасымен оны кілемнен шығарып, шаршатуым керек еді. Бірақ асығып кеттім. Өкінішті. 

Ал бүгінгі белдесудегі қарсыласым да өте мықты. Лос-Анджелес Олимпиадасына да барамын деп  нақты айта алмаймын. 

Ел үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын», - деді Ерғали. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!