Қазақстан құрамасының олимпиадалық киім үлгісі үздік деп танылды
Токиодағы Олимпиадаға қатысып жатқан спортшыларымыздың киім үлгісі ең үздікдер қатарына кірді.
Токиодағы Олимпиадаға қатысып жатқан спортшыларымыздың киім үлгісі ең үздікдер қатарына кірді.
"Forbes.com" сайтының жазуынша, қазақстандықтардың олимпиадалық костюмдері Токио-2020-дағы ең сәнді дизайнның бірі болып танылды. Қазақстанмен бірге үздіктер қатарына АҚШ, Ресей, Либерия, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония сияқты сегіз елдің формалары таңдап алынды.
Айта кету керек, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына арналған форманы дайындаған кезде спортшыларға дизайн, мата және киім элементтерін таңдауға мүмкіндік берілген болатын. Қаңтардан бастап еліміздің жетекші спортшылары олимпиадалық киімді таңдауға арналған пікірталастарға, презентациялар мен кездесулерге қатысып өз ұсыныстарымен бөлісті.
"Біз маталарды таңдауға қатысып, эскиздерді талқыладық, ұсыныстар жасадық. Олимпиада ойындарында сыртқы келбет қана емес, сонымен қатар форманың практикалық маңызы да зор", - деді дзюдошы, Рио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметов.
Осы жылғы кезекті дүбірлі додаға арнайы тігілген киімдердің дизайнына отандық "Салтанат" брендімен танымал Салтанат Баймұхамедованың авторлық жұмысы таңдап алынған еді. Форманы испаниялық Joma компаниясы тікті.
"Олимпиадаға баратын спортшыларға мен ұсынған киім үлгісінің таңдап алынғанына қуаныштымын. Осы жұмысты жасап жатқанда мені олимпиадашылардың өздері шабыттандырды. Мен біздің спортшылардың Токиода жаңашыл және заманауи болып көрінгенін қаладым", - дейді дизайн авторы.
Жарнама