Олимпиада
18 шілде 12:25
 

Қанат Ислам қазақ боксшылардың Парижде қанша алтын алатынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам қазақ боксшылардың Парижде қанша алтын алатынын айтты ©boxingscene.com

Белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қазақ боксшылары Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарында кемі бір алтын алатынына сенімді. Бұл туралы боксшы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында айтты.

blog.share

Белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қазақ боксшылары Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарында кемі бір алтын алатынына сенімді. Бұл туралы боксшы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында айтты.

«Олимпиада ойындарын тағатсыздана күтіп жүрміз. Осыған дейінгі Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары жүлдесіз оралмаған. Кемі бір алтынмен келетін. Токиода алтынсыз қалған едік. Жігіттеріміз биыл сол олқылықтың орынын толтырады деп сенемін. Қазақ боксшылары кемі бір алтын алады. Біздің жігіттердің барлығы өз салмақтарында топ жарып, осыған дейінгі әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақтар. Ешкімді бөле жармайын. Барлығы жүлдеге лайықты жігіттер», - деді Қанат Ислам.

Сондай-ақ, тек боксшыларға ғана емес, жалпы Олимпиадаға аттанған барлық құрамаға сәттілік тіледі.

«Спортшыларымыздың алды Олимпиадаға аттанып барады. Мен тек боксшыларымызға ғана емес, барлық ұлттық құрама мүшелеріне сәт-сапар тілеймін. Жүлделеріңіз көп болсын, қазақтың көкбайрағын Париж төрінде желбірете беріңіздер дегім келеді», - деді боксшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!