"Қалай ұялмайсыздар?". Өзбек боксшының Олимпиададағы жеңісі үлкен дау тудырды
Италия атынна жұдырықтасатын әлемнің вице-чемпионы Азиз Аббес Мухийдин Париж Олимпиадасының 1/8 финалында өзбекстандық боксшы Лазизбек Муллажоновтан жеңілді. Жекпе-жектен кейін төрешілер шешімі дау тудырды.
Италия атынна жұдырықтасатын әлемнің вице-чемпионы Азиз Аббес Мухийдин Париж Олимпиадасының 1/8 финалында өзбекстандық боксшы Лазизбек Муллажоновтан жеңілді. Жекпе-жектен кейін төрешілер шешімі дау тудырды.
92 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек толық үші раунд өтіп, төрешілердің бөдек шешімімен өзбекстандықтың пайдасына аяқталды (4:1). Италия бокс федерациясының президенті (FPI) Флавио Д'Амбрози бұл шешімді әділетсіз деп атады.
"Қалай ұялмайсыздар? Бұл тонау ғой. Біз Халықаралық олимпиадалық комитет боксшыларды қорғап, бұрынғының ластығынан арылатын шығар десек. Басым болған Аббестің әділетсіз шешіммен ұтылуы ештеңе өзгермегенін көрсетіп отыр", - деп береді Д'Амброзидің сөзін La Repubblica.
Азиз Аббес Мухийдин жекпе-жек басында қабағын жарып алды, бірақ айқасты жалғастыра алды. Көптеген журналистер мен жанкүйерлердің пікірінше, италиялық боксшы адуынын күшейтіп, жекпе-жек барысын өз пайдасына бұрған болатын.
"Кім ең мықты екенін білеміз", "Өкінішке қарай, спорттағы әдлетсіздік әлі де бар...", "Өзбек боксшы жеңді деген шешім күмәнді болды", - деп жазыпты бокс сүйер қауым әлеуметтік желіде.
Жарнама