Жансель Дениз Олимпиаданың ширек финалында әлемнің үш дүркін чемпионынан жеңілді
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Жансель Дениз Токио Олимпиадасының ширек финалында ұлыбританиялық Бьянка Уокденнен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Жансель Дениз Токио Олимпиадасының ширек финалында ұлыбританиялық Бьянка Уокденнен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші раундта Жансель басым түсіп жатып (3:0), 6:4 есебімен жеңілді. Екіншісінде де ұлыбританиялық 6:3 есебімен басым түсті. Ал үшінші раундта Уокден қазақстандық таеквондошыға еш мүмкіндік бермеді - 5:0. Осылайша, британиялық спортшы 17:7 есебімен жеңіп отыр.
Айта кетейік, Уокден - 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және үш дүркін әлем чемпионы. Қазір ол 67 келі салмақта бірінші нөмірлі таеквондошы.
Жарнама