Олимпиада
31 шілде 12:41
 

Букмекерлер Махмұт Сабырхан Олимпиададағы алғашқы айқасында жеңілетінін болжады

  Пікірлер

blog.share

Букмекерлер Махмұт Сабырхан Олимпиададағы алғашқы айқасында жеңілетінін болжады ©instagram/@boxingkazakhstan

LiveResult сайты Париж Олимпиадасындағы 57 келідегі Махмұт Сабырхан мен испаниялық Хосе Кильес арасындағы 1/8 финалдық жекпе-жекке болжамын жазды. 

blog.share

LiveResult сайты Париж Олимпиадасындағы 57 келідегі Махмұт Сабырхан мен испаниялық Хосе Кильес арасындағы 1/8 финалдық жекпе-жекке болжамын жазды. 

Боксшылар рингке бүгін, 31 шілдеде шығады. Жекпе-жектің басталуы Астана уақытмен 14:16. 

"Махмұт 22 жаста, бойы 165 сантиметр. Боксшы Париж Олимпиадасына іріктеу турниріндегі қатарынан төрт жеңіс сериясымен келеді: Летоны (төрешілердің бөлек шешімімен), Саравутты (төрешілердің ортақ шешімімен), Триадоны (төрешілердің ортақ шешімімен) және Вахидовты (көпшілік шешімімен). 

Хосе 26 жаста, бойы қарсыласынан ұзын – 171 сантиметр. Кильес кәсіпқойда екі жекпе-жек көткізген. Бір жеңіп, бір жеңілген. 2023 жылғы Еурпа ойындарындағы өнері арқасында Олимпиадаға жолдама алды: төрт жеңіс пен бір жеңілісі бар, Ибаньестен (төрешілердің ортақ шешімімен).

Сабырхан алдағы жекпе-жектің фавориті саналады. Боксшылар бұрын кездесіп көрмеген.

Болжам: Біздің ойымызша, Хосе Кильес бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді", - деп жазады мәлімет көзі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!