Бүгін Олимпиадада екі қазақстандық балуан белдеседі

Бүгін, 5 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында грек-рим стиліндегі балуандар өнер көрсетеді.
Бүгін, 5 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында грек-рим стиліндегі балуандар өнер көрсетеді.
Қазақстан атынан боз кілемге Әлімхан Сыздықов (130 келіге дейін) пен Айдос Сұлтанғали (60 келі) шығады.
1/8 финалда Сыздықовтың қарсыласы румыниялық Алин Алексук-Чурариу болады, ал Айдос қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен белдеседі.
Белдесулердің басталуы Астана уақытымен 18:00. Оларды "Хабар" арнасынан тамашалауға болады, трансляция телеараның ресми сайтында қолжетімді.
Жарнама