Бүгін қазақстандық екі әлем чемпионы Олимпиадада айқасады

Бүгін, 30 шілдеде Париж Олимпиадасында қазақстандық екі боксшы рингке шығады.
Бүгін, 30 шілдеде Париж Олимпиадасында қазақстандық екі боксшы рингке шығады.
80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай 1/8 финалда аустралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасады. Жекпе-жек Астана уақытымен 19:18-де басталады және оны "Ел Арнадан" тамашалауға болады.
23:00-де 51 келіде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов рингке көтеріледі. Қазақстандық боксшы 1/8 финал кезеңінде түркиялық Самет Гюмюшпен айқасады. Бұл жекпе-жекті "Хабар" арнасы тікелей көрсетеді.
Бибосынов та, Оралбай да әлем чемпиондары болғанын айта кетейік.
Жарнама