Бүгін қазақстандық әлем чемпионы Олимпиада жүлдесі үшін айқасады

©ҚБФ

Бүгін, 2 тамызда 2023 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Нұрбек Оралбай Олимпиада ойындарының 1/4 финалында өнер көрсетеді. 

80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Нұрбек әзірбайжандық Мурад Аллахвердиевпен кездеседі. Жекпе-жектің басталуы Астана уақытымен 20:22. 

Бұл айқасты "Ел Арнадан" тамашалауға болады.  

Айта кетейік, 1/2 финалға жеткен бокшсы кепілді түрде қола жүлдеге ие болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар