Бір спортшымыз алтынға таласады. Париж ойындарындағы бүгінгі жарыс кестесі

©olympic.kz

Париж Олимпиадасы да аяқталып келеді. Бүгін 6 спорт түрінен отандастарымыз бақ сынайды. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды. Кеше финалда бақ сынаған балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшылар:

• Таеквондо. 1/16 финал 12:00. Батырхан Төлеуғали – Исмаел Кулибали

• Еркін күрес. 1/8 финал (125 кг) 15:00. Юсуп Батырмурзаев – Роберт Баран

• Каноэ есу. Жұптық сын. 500 м. 15:40. Мария Бровкова, Руфина Искакова

• Байдарка есу. Жұптық сын. 500 м. "В" финалы 16:20. Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий

• Заманауи бессайыс. Жартылай финал. Семсерлесу, жүзу, конкур, лазер-ран 16:00. Георгий Борода-Дудочкин

• Жеңіл атлетика. 10 000 метрге жүгіру. Финал 23:57. Дейзи Джепкемей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар