Бразилиялық Эберт Соуза Токио Олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақтың финалдық кездесуінде Соуза екі раунд жеңіліп жатып, үшінші раундта Александр Хижнякты нокаутқа түсірді. 2017 жылы украиналық боксшы әлем чемпионы болғанын айта кетейік.
Олимпиададның ширек финалында бразилиялық боксшы қазақстандық Әбілхан Аманқұлды жарыс жолынан шығарған болатын.