Олимпиада
9 тамыз 10:14
 

Бибосыновтың қарсыласы Париж Олимпиадасында атын тарихқа жазды

  Пікірлер

blog.share

Бибосыновтың қарсыласы Париж Олимпиадасында атын тарихқа жазды ©Анвар Ильясов / Өзбекстанның ҰОК

Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. 

blog.share

Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. 

51 келідегі финалда өзбек боксшы франциялық Биллал Беннамды 5:0 есебімен таза жеңді. Былтыр өткен әлем чемпионатының финалында Дусматов осы франциялықты нокаутқа түсірген болатын. 

Бұл Хасанбойдың карьерасындағы Олимпиаданың екінші алтыны. Осылай ол Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болған Өзбекстандық бірінші боксшы. Бұған дейін ол 2016 жылы Рио-де-Жанейро ойындарында алтын алған еді. 

Айта кетейік, сегіз жыл бұрынғы Олимпиаданың 1/4 финалында Дусматов қазақстандық Біржан Жақыпты жеңген, ал Париждегі ширек финалда Сәкен Бибосыновтан басым түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!