Олимпиада
9 тамыз 15:01

Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың ширек финалына жете алмады

©Сали Сабиров

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан  1/8  айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport