Азиада
1 қыркүйек 2018 09:45
 

Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 13-ші алтын медаль түсті

  Пікірлер

blog.share

Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 13-ші алтын медаль түсті Olympic.kz

Қазақстандық Инна Клинова Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының 13-нші алтын медалін алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

blog.share

Қазақстандық Инна Клинова Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының 13-нші алтын медалін алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Клинова 42,045 секунд көрсеткішпен 200 метрлік дистанцияны байдаркамен жүзіп өту жарысында бірінші болып келді. Екінші болып келген - Қытай спортшысы Ли Юэ - 42,507, ал үшінші орында - жапониялық Юка Оно - 43,092.

Осылайша, Клинова Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол өзінің бірінші алтын медалін осы дистанция бойынша төрт жыл бұрын Инчхонда алған.

Сонымен қатар, қазақстандық ескекші Сергей Токарницкий күміс медаль, Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров қола медаль алды.

Команданың активінде барлығы 13 алтын, 12 күміс және 42 қола медаль бар. Қазіргі таңда Қазақстан медаль саны жағынан тоғызыншы орында тұр.

Жарнама

Живи спортом!