Аяқтан шалды ма? Мырзағали Айтжанов Шымбергеновтың жеңілу себебін түсіндірді

©Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда капитаны Асыланбек Шымбергеновтің жеңілісіне  қатысты пікір білдірді, деп жазады Olympic.kz. 

"Қарсылас оңай емес. Оның алдында да бір-екі рет кездескен. Қарсыласын тоқтата алмады. Жеңісті 3:2 есебімен бізге де, қарсыласқа да беруге болады.

Төрешілер ұпайдан қысты дей алмаймын. Жеңіске деген құштарлығы басым болғасын, иорданиялық спортшыға берді деп ойлаймын.

Бұл - Олимпиада, сол үшін бәріне дайын болу керек", - деді Айтжанов.

71 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар