Әуесқой бокс Олимпиадада ала құла титулдар мен жартылай титулдары тым көп, төрешілер даулы шешімдер шығаратын және мықты боксшылар арасында жекпе-жекті жылдар бойы ұйымдастыра алмайтын кәсіпқойдан артықшылығын көрсетті. 1909 жылы құрылған британиялық Boxing News апталық журналының бас редакторы Мэтт Кристи осындай пікір білдірді.
"Даулы жағдай өте аз, тамаша бокс пен шеберлік, екіұшты сөздерсіз мықтылар мықтылармен айқасады, қайдағы жоқ титулдар да тігілмейді. Әуесқой бокс Олимпиадада кәсіпқойға қандай болу керектігін көрестті", - деп береді Кристидің сөзін vRINGe.com.
Еске салайық, Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасы екі қола жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте тоғызыншы болды.