Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әртістік жүзуден жұптық сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Бұл сында Қазақстанның намысын апалы-сіңілілі Екатерина және Александра Немичтер қорғады. Еркін жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 83,8667 ұпай жинап, 22 қатысушының ішінде 17-орын алды.
Ал бұл сайыстың іріктеуін ресейлік Светлана Колесниченко мен Светлана Ромашова аяқтады. Олар 97,9000 ұпай жинады.
Енді ертең Немичтер техникалық бағдарлама бойынша сынға түседі.