Қазақстандық Ильфат Абдуллин Токио Олимпиадасында садақ атудан жекелей сыннан сүрінбестен өтіп келеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин 1/16 айналымда нидерландтық Стив Виджлермен кездесіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол 1/8 айналымына жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, Ильфат 1/32 айналымда ұлыбританиялық Джеймс Вудгэйтпен кездесіп, 7:3 есебімен басым түскен еді.