ФИФА рейтингінде ең жоғары шарықтаған Қазақстан болды

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде шарықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде шарықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Магомед Адиев жаттықтыратын команда жаңа рейтингте 112-орыннан 104-орынға көтерілген. Бұл бүкіл командалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Одан кейін Армения құрамасы бірден жеті саты көтерілген (97-ден 90-орынға).
Алайда Армения командасы ұпай қосуда көш басында тұр (+28,52). Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша екінші орында (+21,19) келеді.
Еске салайық, Қазақстан жуырда өткен Еуро-2024 турниріне іріктеу матчтерінде Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияны (1:0) ұтқан болатын.
Жарнама