Муай-тай
4 қыркүйек 2017 18:02
 
Атырауда муай тайдан халықаралық турнир өтті

  Пікірлер

blog.share

Атырауда муай тайдан халықаралық турнир өтті

3 қыркүйекте Атырауда белгілі қазақстандық ғалым Əмен Аманқұловты еске алуға арналған муай тайдан халықаралық турнир өтті. Турнир барысында Қазақстан құрама командасы Тайланд, Бразилия, Оңтүстік Африка, Ресей, Австралиядан келген спортшылармен сынға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 

Турнирге мыңнан астам көрермен жиналды. Жарыспен қатар отандық эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

"Қалада муай тайдан турнир соңғы рет 1999 жылы болған. Біз тай боксына серпін беруді ұйғардық. Аталған спорт түрін дамыту мен насихаттау үшін осындай шаралар маңызға ие. Атырау муай тай федерациясының еліміздегі орыны ерекше",- дейді облыстық дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Тоғыз жекпе-жектің сегізінде біздің спортшыларымыз жеңіске жетіп, муай тайдың қазақстандық мектебі əлемдегі ең мықтылардың қатарында екенін көрсетті.

Жарнама

Живи спортом!