MMA
15 наурыз 2020 13:01
 

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюті коронавирусқа байланысты кейінге қалды

  Пікірлер

blog.share

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюті коронавирусқа байланысты кейінге қалды Фото Тұрар Қазанғапов©

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың дебюті кейінге қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты Лондондағы турнирдің өтетін орны өзгерген.

"Өкінішке қарай, вирусқа байланысты Лондондағы турнир АҚШ-қа ауыстырылды. Шавкаттың жұмыс визасы болмағандықтан, оның жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы маған бір сағат бұрын хабарлады. Шавкат бұл туралы әуежайда білді", - деп жазды Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, UFC-мен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық Рахмонов ұйымдағы алғашқы жекпе-жегін 21 наурызда Лондондағы Fight Night 171 турнирі аясында өткізуі керек болған. Қарсыласы поляк Бартон Фабински болған еді.

blog.share
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың дебюті кейінге қалды, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Спортшының менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты Лондондағы турнирдің өтетін орны өзгерген.


"Өкінішке қарай, вирусқа байланысты Лондондағы турнир АҚШ-қа ауыстырылды.
Шавкаттың жұмыс визасы болмағандықтан, оның жекпе-жегі өтпейтін болды.
Бұл туралы маған бір сағат бұрын хабарлады.
Шавкат бұл туралы әуежайда білді", - деп жазды Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында.


Еске салайық, UFC-мен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық Рахмонов ұйымдағы алғашқы жекпе-жегін 21 наурызда Лондондағы Fight Night 171 турнирі аясында өткізуі керек болған.
Қарсыласы поляк Бартон Фабински болған еді.

Жарнама

Живи спортом!