Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды екінші раундта жеңді
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болды.
Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінің басты картасындағы жекпе-жек 3 раундқа есептелген, бірақ 2-раундта аяқталды.
Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен бірінші болып жеңген файтер атанды.
"Ассалаумағалейкүм, Қазақстан! Мен осындай жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күні. Сондықтан қуаныштымын. Кішкене қобалжып тұрмын. Рақмет үлкен. Әрине, Wonerboy - өте мықты қарсылас. Мерзімінен бұрын жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Өзімді титулға белдесуге лайықтымын деп ойлаймын", - деді Шавкат Рахмонов жекпе-жектен кейін.
Жарнама