Мировой футбол
17 маусым 2021 14:45

Зайнутдинов өнер көрсететін ЦСКА командасын португалиялық маман жаттықтыруы мүмкін

Сурет: futbik.com©

Ағылшындық "Эвертон" командасының бұрынғы бас бапкері Марку Силва ЦСКА командасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Tuttomercatoweb порталы. Дереккөздің ақпараты бойынша, мәскеулік команда 43 жастағы португалиялық маманға "Фенербахчемен" қатар таласып жатыр. 

ЦСКА командасының басшылары бапкерге ұсыныс та жасаған. 

Айта кетейік, Силва 2019 жылдан бері жұмыссыз жүр. Соңғы рет ол "Эвертон" командасын жаттықтырды. Бірақ ағылшындық команда оны жұмыстан қуып жіберген болатын. 

Маман "Эвертон" командасынан бөлек "Уотфорд", "Халл", Олимпиакос" және лиссабондық "Спортинг" командаларын жаттықтырған. 

Еске салайық, 15 маусым күні ЦСКА хорватиялық маман Ивица Оличті қызметінен босатты. Қазір команданы уақытша Алексей Березуцский жаттықтыруда. Ал оған қазақстандық Георгий Бабаян көмектесіп жатыр.