Мировой футбол
21 қараша 2017 16:06
 
УЕФА "Миланды" еурокубоктық бәсекелерден шығарып жіберуі ықтимал

  Пікірлер

blog.share

УЕФА "Миланды" еурокубоктық бәсекелерден шығарып жіберуі ықтимал Сурет: vi.nl

Еуропа футбол одағы (УЕФА) италиялық "Миланды" қаржылық fair play (FFP) ережесін сақтамағаны үшін еурокубоктық бәсекелерден шығарып жіберу мүмкін. Бұл туралы "Р-Спорт" порталы Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өткен жазда "Милан" клубының басшылары ауысқаннан кейін клуб жаңа футболшылар үшін 200 миллион еуро жұмсады. Сондықтан да УЕФА басшылары команданың трансферлік жұмысы FFP ережесіне сай келмеуі мүмкін деп күмәнданып отыр. 

Испаниялық басылымның мәліметі бойынша, инвестицияның барлығы да клубтың келесі жылы Чемпиондар лигасына жолдама алады деп жасалған екен. Бірақ қазір "Милан" бұл тапсырманы орындай алмай келеді. Екі апта бұрын клуб басшылары УЕФА өкілдеріне жобаның әлі күшінде екенін айтып, қателіктерді жоятынын жеткізген. Алайда бұл ақпарат УЕФА өкілдерінің ойын өзгерте алмаған. 

Сонымен қатар БАҚ өкілдері "Миланның" қожайына қытайлық кәсіпкер Ли Юнхуннің алаяқтыққа қатысы бар деген мәлімет шықты. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Милан" Италия А сериясының 13 турынан кейін 19 ұпаймен жетінші орында келеді. 

Жарнама

Живи спортом!