Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессиді нашар футболшы деп атады. Бұл туралы Lenta.ru порталы Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Испания біріншілігінің 20-турында "Депортивоға" қарсы ойынның алдында футболшыларды алаңға алып шығатын балалардың бірі Роналдуге - "Мен үшін сен мықтысың, ал Месси", - деген. Осы кезде португалиялық шабуылшы "Ал Месси - нашар футболы", - деп сөйлемді бітірген.
Ал "Реал" мен "Депортиво" арасындағы кездесу 7:1 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталды. Бұл ойында Роналду екі гол соғып, қабағын жарып алды.
Айта кетейік, 2008 жылдан бері әлемнің үздік футболшысына берілетін "Алтын допты" Роналду мен Месси кезек-кезек алып келді. Қазір бұл екі футболшының еншісінде бес "Алтын доптан" бар.

Жарнама