Мировой футбол
7 наурыз 2018 12:56
 
Рияд Марез 27 жасында карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады

  Пікірлер

blog.share

Рияд Марез 27 жасында карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады Рияд Марез. Сурет: dreamteamfc.com/

Ағылшындық "Лестер" мен Алжир құрамасының жартылай қорғаушысы Рияд Марез 27 жасында карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. 

"Көптеген дәрігерлермен кеңескеннен кейін мен футболдан кетуді жөн көрдім. Футболшы ретінде карьерам аяқталып жатқан соң бірер сөз айтқым келеді. Бұл керемет қалада мені қолдаған маған жылулық көрсеткен барлық жанкйүерлерге алғыс айтқым келеді. Сіздер әрдайым менің жүрегімде боласыздар", - деп жазылды Марездің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. 

"Лестер" мен футболшының өзі бұл ақпаратты растаған жоқ. Сондай-ақ футболшының бас әлеуметтік желісіндегі парақшаларында мұндай ақпарат шықпады. Көптеген фейсбуктегі оқырмардары футболшының парақшасын бұзып кетті деп отыр. 

Еске салайық, қысты трансферлік кезеңде Марез "Манчестер Сити" сапына ауысқысы келген. Бірақ трансфер белісіз себептерге байланысты болмады. Содан соң футболшы өз еркімен "Лестердің" жаттығуына қатысудан бас тартты. 

Жартылай қорғаушы "Лестер" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2015/16 жылғы маусымда олар Англия чемпионы атанған болатын. 

Биыл Марез "Лестер" сапында 31 кездесуге қатысып, 10 гол соқты. Ал ұлттық құрамасы сапында ол 35 кездесу өткізіп, 8 рет көзге түскен. 

Жарнама

Живи спортом!