Мировой футбол
13 қараша 2017 10:56
 
ПСЖ бас бапкерін қызметінен қуып жіберуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ бас бапкерін қызметінен қуып жіберуі мүмкін Унаи Эмери. Сурет: Goal.com

Франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының басшылары қысқы трансферлік маусымның алдында команданың бас бапкері Унаи Эмериді қызметінен босатуы мүмкін. Бұл туралы "Р-Спорт" порталы Yahoo Sport UK басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дереккөздің мәліметі бойыша, қазіргі уақытта Эмеридің ойыншылар арасында абыройы жоқ екен. Нақтырақ айтатын болсақ, маманның қызметіне Неймар бастаған клубтың бразилиялық футболшыларының көңілі толмайды. 

ПСЖ басшылары команданың тізгінін қазіргі уақытта ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубының тізгінін ұстап жүрген Жозе Моуриньоға бергісі келеді. Сонымен қатар франциялық клуб Эмериді қызметінен босатқаннан кейін оның орнына жыл соңына дейін клуб тізгінін уақытша бір маманға беруі ықтимал. 

Айта кетейік, Эмеридің бастамасымен ПСЖ клубы қазіргі уақытта Франция чемпионатында көш бастап, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Жарнама

Живи спортом!