Мировой футбол
16 қараша 2017 10:25
 
Перу құрамасы 32 жылдан кейін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

  Пікірлер

blog.share

Перу құрамасы 32 жылдан кейін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты Reuters©

Футболдан Перу құрамасы 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Тоғыспа кездесудің екі ойынының қорытындысы бойынша Перу құрамасы Жаңа Зеландия құрамасынан үстем түсті. Веллингтонда 0:0 есебімен тең аяқталған ойыннан кейін екі құрама Лимада кездесіп, алаң қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті. Перу құрамасы сапында 28 минутта Джеферсон Фарфан көзге түссе, 65 минутта Кристиан Рамос екінші голды соқты. 

Осылайша Перу құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне 36 жылдан кейін шығып отыр. Соңны рет бұл елдің футболшылары 1982 жылғы әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде бақтарын сынаған еді. 

Айта кетейік, келер жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Оңтүстік Америка құрлығынан Перуден бөлек Бразилия, Уругвай, Аргентина және Колумбия құрамалары шыққан болатын. 

Жарнама

Живи спортом!