Мировой футбол
17 қараша 2017 10:27
 
Неймар соңғы сәтте "Барселона" басшыларынан ПСЖ-ға ауыспауын жылап тұрып сұрапты

  Пікірлер

blog.share

Неймар соңғы сәтте "Барселона" басшыларынан ПСЖ-ға ауыспауын жылап тұрып сұрапты Неймар. Сурет: sports.ru

"Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Неймар ПСЖ сапына ауысудың алдында каталониялық клуб басшысы Жозеп Бартомеумен кездесіп, париждік клубпен болған келісімшартты тоқтату туралы сұраған. Бұл туралы Marca басылымы хабарлайды. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, Неймар екі рет куәгерлердің қатысуымен  жылап тұрып Бартомоуден оның ПСЖ клубмен келісімшарттын тоқтатуды сұраған. Бірақ футболшының әкесі әрі оның агенті үлкен Неймар келісімшартты тоқтатудан бас тартқан. Оған ұлының көпшіліктің назарында болып, газеттің бірінші беттеріне шығып жүргені ұнаған. 

Испаниялық басылымдар соңғы кездері Неймардың ПСЖ сапына ауысқанына өкінетінін және "Барселона" сапыда жүрген кезін қатты сағынатынын жазып жатыр. Одан бөлек, бұрнағы күні Неймардың ПСЖ клубының бас бапкері  Унай Эмеримен жанжалдасып қалған көрінеді. 

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Неймардың "Басрелонадан" аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің көлеңкесінде қалмау үшін кеткенін жазған болатын. Сонымен қатар бразилиялық шабуылшыны қазіргі уақытта мадридтік "Реал" клуб сатып алуға ниетті екіні айтылып жатыр. 

Ал 10 қараш күні Неймардың "Барселона" футболшыларынан клубқа қайта оралуы туралы рұқсат сұрағаны жазылды. Еске салайық, Неймар ПСЖ сапына 2017 жылдың жазында 222 миллион еуроға ауысқан болатын. 

Жарнама

Живи спортом!