Мировой футбол
30 қараша 2017 10:36
 
Неманья Максимович "Валенсиядан" "Малага" сапына ауысуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Неманья Максимович "Валенсиядан" "Малага" сапына ауысуы мүмкін

Елордалық "Астана" клубының бұрынғы футболшысы, қазіргі уақытта Испанияның "Валенсия" клубы сапында өнер көрсетіп жүрген сербиялық жартылай қорғаушы қысқы трансферлік ауысым кезінде "Малага" клубының сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Marca басылымы жазып отыр. 

Испаниялық басылымның жазуынша, 22 жастағы жартылай қорғаушы әлі де болса команданың орталық алаңдағы негізгі ойыншылары Жоффре Кондогбиа мен Даниэль Парехоның орнын басады. "Валенсия" бапкерлері Максимовичтің жақсы ойынша және үлгілі адам екеніне еш шүбә келтірмейді. Бірақ сербиялық жартылай қорғаушыға қазір клубтың негізгі құрамынан орын жоқ деп отыр. 

Маусым басынан бері "Валенсияның" негізгі құрамында тек Испания кубогында ғана шықты. Ал Испания біріншілігінде ол төрт рет екінші таймда ойнады. 

Енді қысқы трансферлік ауысым кезінде Максимович клубын ауыстыруы әбден мүмкін. Жартылай қорғаушыға "Малага" қызығып отыр. Клуб басшылары тіпті Максимовичті қысқы ауысым кезінде жалға алу үшін "Валенсия" басшыларына ұсыныс та жасап қойған. 

Еске салайық, Неманья Максимович Қазақстан біріншілігінен Испанияның Ла Лигасына ауысқан бірінші футболшы. Ол 2015 және 2017 жылдары арасында елордалық "Астана" сапында өнер көрсетті. 

Жарнама

Живи спортом!