Мадридтік "Реалдың" бұрынғы футболшысы Робиньо қыз зорлағаны үшін тоғыз жылға түрмеге отырады
©: eurosport.com
Футболдан Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Робиньо Италияның Милан қаласының сотының шығарған шешімі бойынша, топтасып қыз зорлағану үшін тоғыз жыл бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы.
Тергеушілердің мәліметі бойынша, албаниялық аруды зорлаған оқиға 2013 жылы Милан қаласындағы би кештерінің бірінде болған. Робиньодан бөлек бұл қылмысқа оның бес досы қатысқан.
Қазіргі уақытта "Милан", мадридтік "Реал" секілді клубтардың намысын 33 жастағы шабуылшы отанында "Атлетико Минейро" клубының намысын қорғап жүр.
Робиньоның қорғаушысы Марис Алияның айтуынша, шабуылшы өзінің кінәсін мойындамай, шағым білдіру үшін барлық заңды құжаттарды дайындап жатыр екен.
Еске салайық, Робиньо Бразилия құрамасы сапында 99 кездесуге қатысып, құрамамен бірге Конфедерация кубогын екі рет және Америка кубогын бір рет жеңіп алды. "Миланның" құрамасында ол Италия чемпионатын бір рет, "Реал" сапында Испания біріншілігін екі рет жеңіп алды.

Жарнама