Қазақстандық футболшы Ресейде әдемі гол соқты
Қазақстандық футболшы Владимир Воменко Орехово-Зуево қаласының "Знамя Труда" командасы сапындағы бірінші голын соқты, деп жазады Vesti.kz порталы.
Қазақстандық футболшы Владимир Воменко Орехово-Зуево қаласының "Знамя Труда" командасы сапындағы бірінші голын соқты, деп жазады Vesti.kz порталы.
Шабуылшы Владимирск қаласының "Торпедо" командасына қарсы Ресейдің үшінші дивизионындағы ойында көзге түсті. Отандасымыз өз голын 47-минутта соқты. Ал матч 4:1 есебімен "Знамя Труда" пайдасына аяқталды.
26 жастағы Воменко ресейлік команда сапына жазда ауысып, 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасады. Ол Қазақстанда "Екібастұз", "Ертіс", "Атырау", "Шахтер-Болат", "Астана-1964" командаларында ойнаған.
Сондай-ақ, Воменко Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен.
"Знамя Труда" - Ресейдің ең егде клубтарының бірі. Команданың негізі 1909 жылы қаланған.
Жарнама