"Қайраттың" бұрынғы бапкері Грузия құрамасымен келісімшартын ұзартты
Владимир Вайсс. Сурет: © Sputnik / Alexander Imedashvili
Футболдан Грузияның бас бапкері Владимир Вайсс құрама сапында тағы екі жылға қала бермек, деп хабарлайды Sputnik порталы бапкердің өзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы бапкердің өзі Грузия және Кипр құрамалары арасындағы жолдастық кездесу алдындағы баспасөз жиналысы кезінде айтты. Вайсс Грузия футбол федерациясы мен өзінің арасында жаңа келісімшарттың қалай жасалғанын тарқатып айтпады.
Осылайша, Вайсс енді Грузия құрамасын алдағы Еуропа біріншілі мен Ұлттар лигасы турнирінде бастайтын болады.
53 жастағы словак маманы Грузия құрамасының тізгінін 2016 жылдың қаңтар айында ұстаған еді. Оның келісімшарты 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінің соңына дейін жасалған еді. Федерация Вайсстың алдына іріктеу кезеңінде үшінші орын алу деген тапсырма қойған болатын. Бірақ іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша бес ұпай жинап, Молдовия құрамасынан озып, бесінші орынға жайғасты. Іріктеу кезеңінде Грузия құрамасы бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.
Соңғы бірнеше аптада Грузия футбол федерациясы мен Вайсс келісімшартты ұзарту үшін келіссөздер жүргізді. Федерация президенті Леван Кобиашвили Вайсспен келісімшартты ұзартуды қалайтынын айтты. Ал бапкердің өзін бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірмеді. Одан бөлек, жуырда Вайссты Сербия құрамасының тізгінін ұстайды деген де ақпарат шықты.
Еске салайық, Владимир Вайсс 2013 жылдың желтоқсан айы мен 2015 жылдың желтоқсан айына дейін "Қайрат" клубының тізгінін ұстаған еді. Оның бастамасымен "Қайрат" Қазақстан кубогы жеңіп, екі рет ел біріншілігінің күміс және бір рет қола жүлдесін иеленді.

Жарнама