Жарайсың, Шацкий! "Шахтер" Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Қарағандылық "Шахтер" украиналық "Колос" командасын жеңіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қарағандылық "Шахтер" украиналық "Колос" командасын жеңіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Қосымша уақытта да екі команда жеңімпазды анықтай алмады. Сөйтіп, пенальти сериясы болды. Лотерея сериясында қарағандылық команданың мерейі үстем болып, ойын 3:1 есебімен аяқталды.
Пенальти сериясының басты қаһарманы "Шахтердің" қақпашысы Игорь Шацкий болды. Ол қарсыластың үш соққысын қайтарды.
Енді "Шахтер" Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Спартак" (Трнава) - "Маккаби" (Тель-Авив) командалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Жарнама