Мировой футбол
30 шілде 2018 15:18
 
Хорватия президенті ӘЧ-2018 финалында қолшатыр туралы пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Хорватия президенті ӘЧ-2018 финалында қолшатыр туралы пікір білдірді © soccernews.ru

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович Мәскеуде футболдан әлем біріншілігінің жеңімпаздарын марапттау рәсімінде өзіне қолшатырды кешіктіріп әкелгеніне бірден аңғармаған. Бұл туралы ол "Коммерсантъ" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 

"Мен үшін шашым және түрімнің қалай болып тұрғаны маңызды болмады, мен тек ойыншыларды ойладым", - дейді Колинда Грабар-Китарович

Мемлекет басшысының айтуынша, ол "Алтын допты" иеленген ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы әрі капитаны Лука Модричті көрген сәтте, көзіне жас алғанын айтады.

"Оның көзінен қазір мүмкіндік берілсе қайтадан ойнап, басқа кубокты құшақтап жүргісі келіп тұрғанын сездім... Жыламауға мүмкін болмады - ол үшін және команда үшін", - деді ол. 
15 шілдеде Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен финалда жаңбыр жауды. FIFA президенті Джанни Инфантино мен Ресей көшбасшысы Владимир Путинге дер кезінде қолшатыр алып келді, ал Макрон мен Грабар-Китаровичтер футболшыларды жаңбырдың астында тұрып, марапаттады.  

Ақтық сында Франция Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді. 

Жарнама

Живи спортом!