Мировой футбол
13 шілде 2017 17:22
 
Хави "Барселонаның" бас бапкері болғысы келетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Хави "Барселонаның" бас бапкері болғысы келетінін айтты

Каталониялық "Барселоның" бұрынғы капитаны Хави Эрнандес алдағы уақытта клубтың тізгінін ұстағысы келетінін айтты. 

Sport.com порталына берген сұқбатында жартылай қорғаушы Катарда тағы бір жылға қалатынын айтып, болашағы туралы ой бөлісті. 

"Катарда тағы бір жылға қалуды жоспарлап отырмын. Содан соң карьерамды аяқтаймын. Менің футболдағы ғұмырым ұзаққа созылды. Бұл уақыттың ішінде талай табысқа жеттім. Енді белестерді бағындырғым келеді. 

Жасырмаймын, болашақта мен "Барселонаның" бапкері болғым келеді. Бірақ қазір мен бапкерлікті үйренуім керек. Бапкерліктің қаматын кию үшін бір немесе екі ай жетпейді. Бірнеше жыл керек. 

"Барселона" секілді клубтың бас бапкері болуы үшін көп тәжірибе керек. Дегенмен мен болашақта "Барселонының" бас бапкері ретінде алаңға шыққым келеді", - дейді жартылай қорғаушы. 

Еске салайық, 37 жастағы Хави "Барселона" сапында 1998 жыл мен 2015 жылдар алағында өнер көрсетіп, каталониялық клуб сапында 505 кездесуге қатысып 58 гол соққан. Ал 2015 жылы ол катарлық "Аль-Садд" клубының намысын қорғап келеді. 

"Барселона" сапында ол сегіз рет Испания біріншілігін, үш рет Испания кубогын, алты рет Испания Суперкубогын, төрт рет Чемпиондар лигасын, екі рет УЕФА Суперкубогын, екі рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған. 

"Аль-Садд" клубымен Катар пашасының кубогын және Катар эмирінің кубогын жеңіген. 

Жарнама

Живи спортом!