Мировой футбол
3 шілде 2017 14:38
 
Диего Марадона Ресей азаматтығын алуды көздеп отыр

  Пікірлер

blog.share

Диего Марадона Ресей азаматтығын алуды көздеп отыр © Stefano Renna / Ropi / Zumapress / Globallookpress.com

Әлем футболының жарық жұлдызы аргентинкалық Диего Марадона Ресей азаматтығын алуы мүмкін. Бұл туралы "Советский спорт" басылымы хабарлап отыр. 

56 жастағы аргентиналық маман "Ресей футбол сүйеді" қозғалысы аясында Ресейге келіп, Конфедерация кубогын тамашалады. 

Басылымның таратқан мәліметі бойынша, осы сапары кезінде Марадона ресейлік тілшілерге азамттық алуға ниетті екенін айтыпты. Бұған дейін даңқты футболшы Ресей құрамасының бапкері болуға дайын екенін және ел президенті Владимир Путинді үлгі тұтатынын мәлімдеген. "Менің үйімде Фидель Кастро мен Владимир Путиннің портреті бар", - дейді ол. 

Футболшы кезінде Марадона Аргентина құрамасымен 1986 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атандыү Ал 2001 жылы Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) сауалнамасы бойынша Пелемен бірге футбол тарихында үздік футболшы атанды. 

Айта кетеік, биылғы жылдың 7 мамырында америкалық боксшы Шейн Мосли да Ресей азаматтығын алуды ойланып жүргенін айтқан еді. 

Жарнама

Живи спортом!